«Актөбе қаласы білім бөлім» ММ «BILIM QAZYNA» KMM «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 11 сынып оқушыларынан «Мен және менің болашағым» тақырыбына эссе жазды. Шараның негізгі мақсаты түлектердің болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру өмірлік мақсатын айқындауға ықпал ету, жеке дамуына ынтасын арттыру болды. Эссе барысында оқушылар өз армандары, таңдаған мамандықтары өмір құндылықтары мен болашақтағы жоспарлары туралы ашық әрі терең ойларын қозғады.