«Буллингке жол жоқ!» тақырыбында 5 «Ә» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
- оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату;
- буллингтің себептері мен зардаптарын түсіндіру;
- құқықтық және тұлғалық мәдениетті қалыптастыру;
- мектепте қауіпсіз орта құруға үлес қосу.
Сабақ барысында оқушыларға буллинг түрлері туралы ақпарат беріліп, алдын алу шаралары түсіндірілді. Оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысты.



















