Мектебімізде ұлттық дәстүрлерді ұлықтау мақсатында «Сыбаға» дәстүріне арналған іс - шара ұйымдастырылды. Шара барысында ата-бабадан келе жатқан ырым - қағидалар таныстырылып, оқушыларға ұлттық мәдениет туралы мағыналы ақпарат берілді.
Іс - шараның негізгі бөлігінде барлық сыныптар белсенді қатысып, бауырсақ таратылды және ұлттық тағамдардың дастарқан мәдениеті түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар арасында арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.
Бұл шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.



















