№46 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 34 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Шараның негізгі мақсаты оқушыларға Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру, ата - бабамыздың азаттық жолындағы ерлігін үлгі ету, өз Отанын сүюге, ел мен халыққа қызмет етуге тәрбиелеу, ел тарихына шолу жасау арқылы Желтоқсан оқиғасында құрбан болған қаһармандардың өмірі мен ерлік жолын таныстыру.
Іс - шара барысында «Тәуелсіз менің Қазақстаным» атты бейнеүзінді көрсетілді. Қазақстанның өткен тарихына тоқталып, оқушылардың білімін нығайту мақсатында «Желтоқсан қаһармандары» буклеті таныстырылды, «Тәуелсіз елім Қазақстаным» додекаэдрі ұсынылды. Сонымен қатар «Мақал - мәтел» ойыны және сұрақ - жауап форматындағы үстел ойыны ойнатылды.
Оқырмандарға «Тәуелсіздік баға жетпес байлық» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды



















