Кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сай 10 - сынып оқушыларымен заманауи еңбек нарығы, болашақ мамандықтар және сұраныс деңгейі төмендеп келе жатқан қызмет түрлері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында “Мамандықтар атласы: сұранысқа ие және төмен мамандықтар” атты түсіндірме жұмысы өткізілді.

Шараның мақсаты:

- оқушыларды еңбек нарығындағы соңғы өзгерістермен таныстыру;

- сұранысқа ие мамандықтар мен болашағы төмен мамандықтарды талдау дағдыларын қалыптастыру;

- мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға бағыт беру;

- оқушылардың зерттеушілік, сыни ойлау, ақпаратты сараптау қабілеттерін дамыту.