25 мамыр күні мектеп-лицейімізде «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өткізілді.
✅ Мерекелік шарада алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған жас түлектеріміз ортаға шақырылып, жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен салтанатты түрде ашылды.
✅ Салтанатты жиынға арнайы қонақ ретінде қамқоршылық кеңес төрағасы Бақыт Қалиұлы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады. Сондай-ақ, мектебіміздің «Жыл оқушысы» номинациясын иеленген оқушымызға өз марапаты мен стипендиясын ұсынды.
📌Сонымен қатар 2025–2026 оқу жылында республикалық, облыстық және қалалық байқаулар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жетіп, мектеп абыройын асқақтатқан білім алушылар марапат төрінен көрінді. Білім мен тәрбиенің сапалы болуына өлшеусіз үлес қосып, кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздар да Алғыс хаттармен марапатталды.















