Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Бүгін мектебімізде 5 - қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Ана тілің-арың бұл” атты мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш шараға мектеп оқушылары қатысып, тіл туралы танымдық деңгейлерін көтеріп, тілдің маңыздылығын ұғынып, бірнеше тіл үйренуге деген қызығушылықтарын оятты.



















