Бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз» ертеңгілігі өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты күз кереметтілігін нақты айқындап түсініп білуге, табиғатты қорғауға баулу.Оқушылардың шешендік қабілетін, мәнерлеп оқу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында Алтын күзге арналған тақпақтар, «Күзгі вальс», «Күзгі бақта», «Күз тамаша» әндері айтылды.3,4 сыныптар «Күз білім мен еңбектің басталуы», « Дақылдар дауы» атты көріністерін жоғары деңгейде орындады. Табиғи материалдардан әр түрлі қолөнер жұмыстары ұсынылды.Әділқазылар қатысқан сыныптарды «Шебер қолдар», « Әнші балапан», «Шешендік өнер»,» Өнерпаздар» номинациялары бойынша марапаттады. Сайысымызды тамашалауға және әділ бағасын беруге Жаңа KZ тобының әншісі Рахат Дауен қатысты. Үлкен алғыс!



















