Егер балаңыз:

  •  Еш себепсіз мектепке немесе сабаққа барғысы келмесе;
  • жиі басының не ішінің ауырғанын айтса;
  • оқуға және үйірмелерге қызығушылығы болмаса;
  • үйге сынған немесе жоғалған заттармен қайтып келсе;
  • тұйық, мазасыз, үндемейтін болып кетсе;
  • мектеп, сыныптастары туралы әңгімеден қашқақтаса;
  • қорқып, күдіктеніп, мінезі күрт өзгерсе – бұған міндетті түрде назар аударыңыз.
  • Баланы қолдау маңызды
  • Тыңдаңыз және сеніңіз. Мәселе сізге ұсақ-түйек болып көрінсе де, бала үшін ол өте маңызды болуы мүмкін.
  • Ашық сөйлесіңіз. “Мектепте өзіңді қалай сезінесің? Сені мазалайтын мәселе бар ма?” деп сұраңыз.
  • Өзін-өзі бағалауды нығайтыңыз. Балаңызды қолдап, жетістіктерін айтып отырыңыз.
  • “Жоқ” деп айтуға үйретіңіз. Жеке шекарасын қорғай білуді дамытыңыз.
  • Сенім орнатыңыз. Бала ата-анасының әрдайым оның жағында екенін білуі тиіс.
  • Балаңызбен достық, құрмет және ізгілік туралы сөйлесіңіз.
  • Сезімталдыққа үйретіңіз: әділетсіздікке тап болған кейіпкерлер жайлы кітаптар мен фильмдерді бірге талқылаңыз.
  • Агрессивті контентті шектеп, интернет ортасын бақылап отырыңыз.
  • Үлгі болыңыз. Отбасыда дөрекілік пен кемсітушілікке жол бермеңіз.

Есіңізде болсын: буллингтің салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл. Ең маңыздысы – отбасының қолдауы және ата-ана мен бала арасындағы сенім.