Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының елін сүюге, құрметтеуге, еліміздің жанашыр, адал азаматтары болуға баулу, еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Кітап көрмесі “”Менің Отаным - Қазақстан” және “Қазақстан татулық ордасы” екі бөлімінен тұрады. Көрмеде “Менің отаным Қазақстан”, М.Қозыбаевтың “Киелі Қазақстан”, 5 томдық “Қазақстан тарихы” жинағы “Тарихи қанатты сөздер” кітаптары қойылып таныстырылды.



















