“Оқуға құштар мектеп” жобасы, “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында “Мен оқыған кітапты сен де оқы” іс-шарасы жалғасуда. Шараға қатысушы 5 “ә” сынып оқушысы Орақ Аяулым Ы.Алтынсариннің “Кел, балалар оқылық” кітабын оқуға ұсынады. Ағартушы - педагог Ы.Алтынсариннің әңгімелері, аудармалары, ертегілері енген, балаларға тәрбие беретін орыны ерекше кітабын оқуға кеңес береді. Кітап оқиық! Кітапты құрметтейік! Кітаппен дос болайық!