Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және оқушылардың тәртібін сақтау мақсатында, мектеп аумағында ұялы байланысты пайдалану Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы аясында реттеледі. Заң талаптарына сәйкес: • 43-бап: мектеп ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын бекітуге құқылы; • 47-бап: оқу процесі кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады (оқу мақсатындағы жағдайларды қоспағанда); • 49-бап: ата-аналар балалардың смартфонды пайдалануын және интернет қауіпсіздігін бақылауға міндетті. Мектеп – білім мен тәрбие ордасы! Сондықтан әрбір оқушы мектепке тек оқу құралдарын алып келуі тиіс. Ата-аналардан заң талаптарын сақтауға және мектеп тәртібін орындауға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.