Бүгін мектебімізде 5–10 сынып білім алушылары арасында дәстүрлі «КҮЗГІ САЙЫС-2025» байқауы ұйымдастырылды. Байқау қатысушылары келесі кезеңдер бойынша өз өнерлерін ортаға салды: Таныстыру Өнер көрсету Сән үлгісі Сайысымызды тамашалауға және өз бағаларын беруге “Екі Езу” сатира театрының жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, ”Ерен еңбегі үшін” төсбелгі иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрлыбек Хайруллаұлы ЖҰБАТҚАН, Дияс Ақанұлы Өтес әнші ,актер, Ақтөбе Пікірталас Орталығының координторы Жолмағамбет Асылзат қатысты. Барлық кезеңде жоғары шеберлік танытқан 5 А класс оқушылары «Күз ханшайымы мен Ханзадасы» номинациясына ие болып, бас жүлдені жеңіп алды!!! Құттықтаймыз! Сайысқа белсенді қатысып, өз өнерін көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!