«Буллингке жол жоқ!» тақырыбында 7 «А» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

- оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату;

- буллингтің себептері мен зардаптарын түсіндіру;

- құқықтық және тұлғалық мәдениетті қалыптастыру;

- мектепте қауіпсіз орта құруға үлес қосу.

Сабақ барысында оқушыларға буллинг түрлері туралы ақпарат беріліп, алдын алу шаралары түсіндірілді. Оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысты.