17.10.2025 жыл 9 сынып оқушылары Ақтөбе гуманитарлық техникалық колледжде ұйымдастырылған ашық есік күніне қатысты. Осы шара аясында оқушыларға колледж өмірімен таныстырып, мамандықтар әлеміне саяхат жасап, колледж мүмкіндіктері мен болашағы туралы қызықты ақпараттарымен бөлісті. Теориялық біліммен қатар практикалық жұмыстар жасалды. Оқушылардың педагогика мамандығына деген қызығушылықтары шыңдалып, өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Вериховская Милана мақтау қағазымен марапатталды.

@aqtobe_bilim_basqarmasy 

@aqtobe_bilim_bolimi 

@bilim_qazyna_aqtobe