Ағымдағы жылдың 23-қазан күні “№46 орта мектеп” КММ-де “Нашақорлықтың алдын алу” атты тақырыпта іс - шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты: жаһандану қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі - нашақорлық. Атап айтқанда, нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде айтылды. Айта кетейік, есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату.
Аталған іс -шараға психолог Акимбаев Серик Рахметуллаевич қатысты.
#НашақорлыққажолжоқAqtobe2025
https://46-school.edu.kz/kz/zhanalyqtar/379-nasha-orly-ty-aldyn-alu.html#sigFreeId42337701dd



















